Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді үйренген 50 шәкіртке Құран табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, шәкірттерге ізгі тілегін арнап, Құран кітаптарын табыстады.
Бас имам өз сөзінде:
Бүгін Құран Кәрімге қол жеткізулеріңіз – үлкен қуаныш әрі жауапкершілік. Құран – Алланың сөзі, адамзатқа жолбасшы нұр. Осы қасиетті кітапты үйрену арқылы жүрегімізді иманмен нұрландырып, өмірімізге рухани мән береміз.Құранды тек жаттау емес, оның үкімін өмірде қолдану – ең үлкен сауап. Ұстаздарыңызға құрмет көрсетіп, алған ілімдеріңізді қоғам игілігіне жұмсаңыздар.
Алла Тағала бәрімізге Құран нұрымен өмір сүруді нәсіп етсін!» – деді.
Шәкірттер өздеріне Құран үйреткен мешіт имамы Саламат Насихатұлына алғыстарын білдіріп, үйренген білімдерін әрі қарай тереңдетуге уәде етті.
Шараның басты мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, имани құндылықтарды бойға сіңіру болды.



















