Ықылас мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан – береке мен сауап айы» тақырыбында әйел жамағаты арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық шараның негізгі мақсаты – Рамазан айының мәні мен маңызын түсіндіру, әйел жамағатының діни білімін арттыру және ізгі амалдарға ынталандыру. Интеллектуалды сайыс барысында қатысушылар ислам негіздері, Рамазан айының құндылықтары, оразаның сауабы мен тәрбиелік маңызына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өзара білім сайыстырды.
Шара барысында әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Назгүл Данаева қатысып, жамағатқа арнап тағылымды насихат айтып, Рамазан айында сабыр, шүкіршілік, өзара сыйластық пен қайырымдылықты арттырудың маңызын атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара әйел жамағаты тарапынан жоғары бағаланып, рухани әсерге толы өтті.










