Атырау қаласындағы Ықылас мешітінде әйел жамағатына арналған рухани жиын ұйымдастырылды. Басқосуда мешіттің имамы Саламат Насихатұлы жамағатқа арнап Құран ілімін үйренудің және жалпы білім алудың маңызы туралы тағылымды насихат айтты.
Қазіргі таңда Ықылас мешітінде алпысқа жуық әйел-қыздар Құран үйреніп жүр. Бұл – әйел жамағатының діни сауатын арттыруға, отбасында имандылықтың орнауына ықпал ететін игі бастама болып отыр.

