“Ықылас” мешітінде Рамазан айына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға «Рамазан сыйы» үлестірілді. Қасиетті айда жасалған бұл қайырымдылықтың басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру.

Шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – мұсылмандық бауырмалдықтың көрінісі екенін атап өтті.

Бас имам өз сөзінде Рамазан айының адамдарды қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін ерекше ай екенін айтып, осындай сауапты іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

Нәтижесінде 30 отбасыға азық-түлік салынған арнайы себеттер табысталып, жиналған жұртшылық игі іске ризашылықтарын білдірді.