ЫҚЫЛАС МЕШІТІНДЕ ШӘУУАЛ АЙЫНА ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Атырау қаласындағы Ықылас мешітінде шәууал айының шарапатына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында әлеуметтік жағдайы төмен 11 отбасыға азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайту.

Шара барысында Ықылас мешітінің имамы Саламат Насихатұлы сөз сөйлеп, демеушілік жасаған азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, көмек көрсеткен Құндыз Қанайқызына ерекше ризашылығын жеткізіп, кәсібіне береке, еңбегіне табыс тіледі. Сонымен қатар, қайырымдылықтың адам өміріндегі маңызына тоқталып, жамағатты игі істерге ұдайы атсалысуға шақырды.

Осындай игі шаралар арқылы қоғамда өзара көмек пен бірлік артып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету дәстүрі жалғасын табуда.