Ықылас мешітінің имамы жамағатпен кездесті

Атырау қаласындағы Ықылас мешітінің жаңа имамы Саламат Иманғалиев мешіт жамағатымен кездесті. Жиын барысында имам мешіттің алдағы жоспарларын таныстырып, руханият саласындағы жұмыстарды бірлесе атқару жөнінде уағдаласты.

Кездесуде жамағат тарапынан діни сауаттылықты арттыру, жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және мешіттің тыныс-тіршілігін жандандыру мәселелері талқыланды.

Имам Саламат Иманғалиев алдағы уақытта жамағатпен тығыз байланыста болып, діни ағарту мен тәрбиелік бағыттағы шараларды күшейтетінін атап өтті.