«Зекет» қоры құрбан айтқа қатысты мәселелерді талқылады

ЗЕКЕТ ӨКІЛДЕРІ «QURBAN2021» ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры алдағы Құрбан айт мерекесіндегі іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында республикалық онлайн жиналысын өткізді.

Жиынға қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров, бас кеңсе қызметкерлері және республика бойынша 19 ресми өкіл қатысты. Онлайн жиналыста «QURBAN2021» жобасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жан-жақты сараланды.

«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен пандемия жағдайына байланысты биыл ұлық мерекемізде құрбан шалудың екі түрлі жолы ұсынылып отыр. Ниеттенген жандарға құрбан шалуды оңтайландыру, ысырапқа жол бермеуіміз қажеті» деді Талғат Сейткәрімұлы.

Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі «QURBAN2021» жобасына қатысты өкілдіктерге тапсырмалар мен жалпы жоба бойынша бағыт-бағдар берілді.