азақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне 10 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Шараға қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты.
Аталған қолдау – Нұр-Мүбарак университетінің жаңадан салынып ғимаратының құрылысына бағытталмақ.
Сонымен қатар, қордың Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен университетке 5 миллион теңге көлемінде қосымша қолдау көрсетілді.
Бұл бастамалар – білім мен руханият саласына жасалған игі инвестиция ретінде еліміздің болашағы үшін маңызы зор қайырымды қадам.