ЖАСТАРҒА НАСИХАТ – ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

Жастар – кез келген мемлекеттің стратегиялық ресурсы әрі болашағы. Олардың тәрбиесі, дүниетанымы мен өмірлік ұстанымы елдің ертеңгі даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастарға дұрыс насихат жүргізу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Қазіргі ақпараттық заманда жастар сан түрлі ықпалға ұшырап отыр. Әлеуметтік желілер, жаһандық мәдениет, әртүрлі идеологиялық ағымдар олардың көзқарасына әсер етуде. Мұндай жағдайда жастарға бағыт-бағдар беру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу – өзекті мәселе.

Насихат жұмысы тек құр сөзбен шектелмеуі тиіс. Ол жастардың санасына әсер ететін, жүрегіне жететін мазмұнды әрі өмірмен байланысты болуы қажет. Заманауи тәсілдерді пайдалану, ашық диалог орнату, нақты мысалдар келтіру – тиімді насихаттың негізгі құралдары.

Жастарға ең алдымен имандылық, адамгершілік, адал еңбек, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты құндылықтарды сіңіру қажет. Бұл қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің негізі болып табылады.

Рухани бай, тәрбиелі жас – ел дамуының кепілі.
Сонымен қатар, жастарды зиянды әдеттерден, теріс жолдардан сақтандыру да насихаттың маңызды бағыты. Бос уақытты тиімді пайдалану, білімге ұмтылу, өзін-өзі дамыту – әрбір жастың басты мақсаты болуы тиіс. Осы турасында хәкім Абай атамыздың мына сөзіне ерекше мән берген жөн.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Жастарға сенім білдіру, оларды қолдау және қоғам өміріне белсенді араластыру – олардың жауапкершілігін арттырады. Әрбір жас өз елінің болашағына үлес қоса алатынын сезінуі қажет.
Қорытындылай келе, жастарға насихат жүргізу – бұл тек тәрбиелік жұмыс емес, бұл – елдің ертеңін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық міндет. Сапалы насихат пен дұрыс тәрбие алған ұрпақ – тәуелсіз елдің берік тірегі.

Азамат Қалиев

Қамысқала мешітінің имамы