Жоғары спорт шеберлігі мектебінде имамдар мен спортшылардың рухани кездесуі өтті

Атырау қаласындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қайтпай Сұлтан мешітінің имамы Арман Амангелдіұлының қатысуымен рухани кездесу өтті. Басқосуда жат ағымның алдын алу, жастардың діни сауатын арттыру және ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру тақырыптары сөз болды.

Кездесуге теолог мамандар да қатысып, дәстүрлі ислам мен радикалды ағымдардың айырмашылығын түсіндірді.

«Жастар – елдің ертеңі. Сондықтан олардың діни сауаты мен ұлттық болмысы қатар қалыптасуы қажет. Ұлт құндылығын қадірлеу – имандылықтың белгісі», – деді Арман Амангелдіұлы өз сөзінде.

Іс-шара соңында спортшылар мен жаттықтырушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.