Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін жиырма бес отбасына қайырымдылық көмегі көрсетілді. Шара барысында азық-түлік пен қажетті заттар табысталып, көмек алушыларға қолдау көрсетілді.
Ауданның бас имамы Думан Мұратұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, мұқтажға қол ұшын созудың сауапты амал екенін жеткізді. Ол қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуда қайырымдылықтың маңызын атап өтті.
Іс-шара игі тілектермен қорытындыланып, алдағы уақытта да осындай әлеуметтік бағыттағы жұмыстар жалғасын табатыны айтылды.






