Жылыой ауданында “Адал еңбек ету” тақырыбында кездесу өтті

Жылыой ауданында «Терме» Құлсары ұлттық ресторанының қызметкерлерімен Жылыой аудандық мешітінің наиб имамы Сағындықов Райымбек “Адал еңбек ету” тақырыбында тәрбиелік-таныстырылымдық кездесу өтті.

Кездесу барысында наиб имам еңбек етудің исламдағы орны, адалдық пен жауапкершіліктің мұсылман болмысының негізгі сипаты екені туралы түсіндірді. Ол халал ризық табу, қызмет орнында тәртіп пен кәсіби этиканы сақтау, аманатқа адал болу сияқты құндылықтардың күнделікті өмірдегі маңызын атап өтті.

Имам адал еңбектің берекеге бастайтынын, әр адам өз ісінде әділетті және ұқыпты болуға тиіс екенін айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ресторан қызметкерлері де өз тараптарынан пікір білдіріп, еңбек мәдениеті мен қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Шара ұжымдық рухты күшейтіп, қызметкерлердің кәсіби және рухани дамуына үлес қосатын мазмұнды жүздесу болды.