Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Жылыой аудандық мешітінде жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен 22 отбасыға жалпы көлемі 440 000 теңге қаржылай зекет көмегі көрсетілді.
Аталған қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға нақты қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара жанашырлықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы жиналған жамағатқа зекеттің маңызы, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетудің сауапты іс екені жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ игі іске демеушілік көрсеткен азаматшаға кәсіпке береке, отбасыға амандық тілеп, арнайы дұға жасалды.







