Атырау облысы Жылыой ауданында ауыл имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды. Шараға арнайы келген Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Қанағат Қалыбайұлы мен аталмыш мешіттің ұстазы Арман Амангелдіұлы имамдардың кәсіби деңгейін тексеру мақсатында емтихан өткізді.
Емтихан барысында аудан имамдары Құранды тәджуидпен оқу, фиқһ ілімі және ақида негіздері бойынша білімдерін көрсетті. Мұндай сынақтар имамдардың діни сауатын жетілдіріп, халыққа сапалы қызмет көрсетуіне септігін тигізбек.
