Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев 6 студентке зекет көмегін тапсырды.
Бұл жолы жалпы сомасы 240 мың теңгені құрайтын материалдық көмек Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ технологиялық колледжінің белсенді студенттеріне үлестірілді.
«Жастар – еліміздің болашағы. Жастарымызға қолдау көрсетіп, көмек беріп отырғанымыз абзал. Халқының қамқорлығын сезініп өскен азаматтардан елім дейтін тұлғалар қалыптасады» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Еске сала кетсек, 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын.



