Жылыой ауданына қарасты мешіттерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары – «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы әр жұма күні жамағатқа тегін таратылуда.
Бұл бастама жамағаттың діни сауатын арттыруға, рухани дүниесін байытуға және ҚМДБ-ның ресми ақпараттарын халыққа жеткізуге бағытталған.




