ЖЫЛЫОЙДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ӨКІЛДЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Жылыой ауданында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Тағылымды шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.

Мерекелік басқосуда қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұршық иіру, тұсау кесу сынды ұлттық рәсімдер көрініс тапты. Қатысушылар ата-баба мұрасын жаңғыртып, ұлттық тәрбиенің маңызын терең сезінді.

Шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Назгүл Данаева арнайы қатысып, жиналған қауымға насихат айтты. Ол өз сөзінде әйел-аналардың қоғамдағы рөліне тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Мерекелік шара соңында қатысушыларға ерекше сый жасалып, бас жүлде ретінде кіші қажылыққа жолдама табысталды.

Осылайша, Жылыойда өткен Наурыз мерекесі ұлттық дәстүр мен рухани тәрбиені ұштастырған мазмұнды шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.