Жылыойда еңбек құндылығына арналған кездесу өтті

Жылыой ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек тақырыбына арналған кездесу өтті. Шараға Жылыой орталық мешітінің наиб имамы Райымбек Сағындықов қатысып, исламдағы еңбек ету мен адал табыс табудың маңызы туралы өз ойымен бөлісті.

Имам өз сөзінде еңбек – адамзаттың абыройы мен ризық табудың адал жолы екенін атап өтіп, Құран мен хадистерден мысалдар келтірді.

Кездесуге сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және музей қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастарға еңбекқорлықты дәріптеу және қоғамдағы түрлі мамандық иелерінің беделін арттыру болды.