Жылыой ауданында «Қазақ даласындағы ислам тарихы» тақырыбында рухани отырыс өтті. Іс-шараның мақсаты – халқымыздың рухани тамырын танытып, ислам дінінің қазақ қоғамындағы орны мен маңызын насихаттау болды.
Жиында ауданның бас имамы Думан Мұратұлы жамағатқа тағылымды насихат айтып, ислам дінінің қазақ жеріне таралу тарихына тоқталды. Сонымен қатар отырыс барысында салт-дәстүр мен шариғат сабақтастығына байланысты сұрақ-жауап өткізіліп, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.
Рухани басқосу жамағаттың діни білімін арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.

