Жылыойда корей ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады

Ольга Сергеевна есімді корей ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады.

Ерекше оқиға Жылыой аудандық орталық мешітінде орын алды. Ольга өз ықтиярымен ислам дінін қабылдап, мешітте тілін кәлимаға келтірді.

«Ислам дінінен мен даналықты көрдім. Ислам адам бойына ерекше адамгершілік құндылықтарды сіңіретін дара дін» дейді Ольга.


Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы ата дініміз – ислам дінінің құндылықтары туралы кеңінен  насихат айтты.

«Асыл дініміздің көп салалы тұстарының бірі адамдармен қарым-қатынаста әдептілікке көңіл аудару. Әдеп – тәрбиелі, әдепті, ұялу, сыпайылық деген сияқты адамға жарасымды сөз бен амалдарға берілген атау. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста да белгілі-бір қағида-құралдарға қарап, әдептілікті сақтау көрегенділікке жатады. Ислам адам бойына осындай ізгі қасиеттерді сіңіреді» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.