Жылыой ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында 50 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Шараға жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілер атсалысып, балалардың қуанышына ортақтасты.
Акцияға Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы қатысып, сөз сөйледі. Ол өз құттықтауында:
«Білім – ұрпақтың болашағының кепілі. Балаларымыздың жақсы оқып, елге қызмет ететін азамат болып өсуі бәріміздің арманымыз. Осы игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға Алла разы болсын», – деді.


