Жылыой аудандық орталық мешіті Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 қоларба тапсырды.
Қоларбалар тізімде тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға табыс етілетін болады.
Демеушілердің көмегімен алынған қоларбалар мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысын жеңілдетуге арналған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған 2021 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша, елімізде 702 158 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Оның ішінде, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар саны — 67 731.
Екінші топта — 278 084, үшінші топта— 259 484 адам тіркелген.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.