Жылыой мешітінде қасиетті Ережеп айының құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға көмек көрсетілді. Игі іс аясында азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар таратылды.
Шара барысында ауданның бас имамы Думан Мұратұлы жиналған жамағатқа және көмек алушы отбасыларға жылы лебізін білдіріп, Рамазанға дайындық пен қайырымдылықтың сауабы жайында насихат айтты. Мұндай шаралар қоғамдағы бауырмалдық пен жанашырлықты арттыруға бағытталған.





