Жылыой ауданында Атырау өкілдігінің уағыз-насихатқа жауапты маманы Қанғат Муслимов бесін намазында жамағатқа уағыз айтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Құран жауһарлары» топтамасы бойынша Құран кәрімнің тәпсірін түсіндірген ұстаз Һуд сүресінің 43-аятындағы Нұх пайғамбар қиссасына тоқталды. Уағызда Нұх пайғамбардың қауымын хақ дінге шақырғаны, күпірліктің салдарынан топан су апатына ұшырағаны және иман келтіргендердің ғана Алланың әмірімен құтқарылғаны баяндалды.