Жылыойда “Жаңа Таң” ет өнімдері мекемесі халал сертификатын алды

Жылыой ауданында орналасқан “Жаңа Таң” ет өнімдері мекемесіне халал стандарттарына сай қызмет атқарғаны үшін арнайы сертификат табысталды.

Сертификатты Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы мекеме басшысы Ысқақ Қожанұлына салтанатты түрде табыс етті.

Бұл қадам – тұтынушыларға адал өнім ұсыну, сенім мен сапаны арттыру бағытындағы маңызды жетістік болып саналады.