Жылыойлық “Ақжол” командасы жеңімпаз атанды

Конституция күніне орай Жылыой әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен баскетбол сайысында Жылыой мешітінің “Ақжол” командасы үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Бұл жетістік – жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді айналысуының нәтижесі. Команда мүшелеріне жеңіс құтты болсын!