Жылыойлық имамдар марапатталды

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев аудан орталығына қарасты мешіттер имамдарын марапаттады.

Жылды сәтті аяқтап, абыройлы қызмет атқарған дін қызметкерлеріне Жылыой ауданының бас имамы алғыс айтты.

«Биылғы жыл тұтас еліміз үшін үлкен сынақтар жылы болды. Көктемгі су тасқыны Жылыой ауданы үшін оңай болмады. Осындай ел басына күн туған шақта бірліктен ажырамай, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін» деді Жасұлан Қағазғалиев.