10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай, Атырауда орталық мешітте Құран оқылып, жаппай тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар рухына дұға бағышталды.
«Елімізде орын алған террорлық акт – тәуелсіздіктің, бейбіт өмірдің қадірін ұғындырды. Біз бейбітшілік пен келісімнің бесігі болып отырған еліміздің болашағы үшін жауаптымыз.
Марқұмдардың рухына дұға бағыштай отырып, еліміздің амандығын тіледік. Сауапты амал облысымыздың барлық мешіттерінде жасалды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін мүфтият Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «1 күнде – 1 Құран хатым» жобасын қолға алған болатын.