Атырау мешіттері блок посттарда тұрған сарбаздарға ыстық тағам үлестірді (+ФОТО, + ВИДЕО)

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Атырауда 4 блок пост орнатылды.

Аталған блокпосттарда қызмет етіп, ел қауіпсіздігін қорғап тұрған сарбаздарға Атырау облысының Бас имамы бастаған еріктілер ыстық тағам үлестірді.

«Еліміздің қауіпсіздігі үшін көз шырымын алмай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Алла разы болсын! Күшіміз бірлікте» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

https://youtu.be/kBb9tLFr0EE
https://youtu.be/kBb9tLFr0EE

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі