ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖЫЛЫОЙ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Жылыой ауданында жамағатпен кездесіп, отаншылдық пен елге қызмет етудің маңызы туралы уағыз айтты.

Кездесу барысында бас имам Отанды сүю, туған жерді қадірлеу, елдің тыныштығы мен бірлігін сақтау – әрбір азаматтың маңызды міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ тәуелсіздіктің қадірін білу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және қоғамның ынтымағын нығайту жөнінде насихат айтты.

Рухани кездесуде еліміздің амандығы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы мен халықтың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.