Атырау қаласындағы «Қайтпай Сұлтан» мешітіне имам болып Мұхамеди Мағжан Игенбайұлы тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тиісті бұйрығын қасиетті жұма күні жамағат алдында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы оқып, таныстырды.
Бас имам жаңа имамды жауапты қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жамағатпен етене жұмыс жүргізіп, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыруға шақырды.
Мағжан Игенбайұлының еңбек жолы
- 2018–2019 жылдары – Алматы қаласы, «Целиноград» аудандық мешітінде наиб имам;
- 2021–2022 жылдары – Атырау облысы, «Мақат аудандық» мешітінде наиб имам;
- 2022–2023 жылдары – Мақат ауданы, «Доссор» мешітінде имам;
- 2024–2026 жылдары – Махамбет аудандық «Исатай Махамбет» мешітінде мешітінде наиб имам;
- 2026 жылдың қаңтар айынан бастап – Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде наиб имам;
- 2026 жылы – ҚМДБ-ның Дәстүр және отбасы, Жастар бөлімдерінің өңірдегі жауапты маманы қызметтерін атқара отырып, Атырау қаласындағы «Қайтпай Сұлтан» мешітіне имам болып тағайындалды.
Бұған дейін аталған мешіттің имамы болған Арман Амангелдіұлы Атырау қаласындағы Құспан молла мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Рәсім барысында оның діни саладағы еңбегі де ескерусіз қалмады. Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаевтың алғыс хаты табысталып, мешіт жамағаты шапан жауып, құрмет көрсетті.







