БАС ИМАМ «ҚАЙТПАЙ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қайтпай Сұлтан мешітінде жұма намазы алдында жамағатқа «Тәубенің мәні мен маңызы» тақырыбында уағыз айтты.

Жұма насихатында тәубенің адам өміріндегі орны, оның рухани тазаруға және пенденің Жаратушысына жақындауына ықпалы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жасаған қателіктерін мойындау, күнәларына өкініп, оларды қайталамауға бекіну және ізгі амалдарға ұмтылудың маңыздылығы айтылды.

Бас имам жамағатты әрдайым өз-өзіне есеп беріп, жүректі күнәдан тазартып, Алланың рақымынан үміт үзбеуге шақырды.

Уағыз соңында жамағатқа рухани кемелдену, көркем мінез қалыптастыру және ізгілік жолында табанды болудың маңызы насихатталды.