«ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП»

Атырау қаласындағы Бақтыгерей молла мешітінің имамы Асылбек Тілепбергенұлы халыққа «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» және «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыптарында насихат айтты.

Насихат барысында құдайы асты өткізудің мәні мен маңызы, ас беру мәдениеті, ысырапшылдыққа жол бермеу және ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні сөз болды.

Сонымен қатар, ас пен тойды бәсекеге айналдырмай, оның негізгі мақсатын сауапты амал жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге бағыттау қажеттігі түсіндірілді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген насихаттың мақсаты – халық арасында қарапайымдылықты, үнемшілдікті және ізгілік құндылықтарын насихаттау.