РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ  QUIZ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Республика күніне орай мешіт имамдары мен жамағат арасында интеллектуалдық QUIZ сайысы ұйымдастырылды.

Зияткерлік сайыстың мақсаты – қатысушылардың білімін шыңдау, діни және ұлттық құндылықтар жөніндегі танымын арттыру, сондай-ақ жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту.

Тартысты өткен білім додасында қатысушылар өзара бақ сынап, үздіктер анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс жеңімпаздары:

🥇 І орын – Сәруар (30 000 теңге)

🥈 ІІ орын – Бақтыгерей молла (20 000 теңге)

🥉 ІІІ орын – Құспан молла (10 000 теңге)

Интеллектуалдық сайыс қатысушыларға рухани білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Мұндай игі бастамалар жамағаттың белсенділігін арттырып, ұлттық мерекенің мазмұнын рухани құндылықтармен ұштастыруға ықпал етеді.