БАС ИМАМ ТӨКЕН ТАНАҰЛЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Барыс» орденінің толық кавалері Төкен Танаұлын жоғары мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады.

Кездесу барысында бас имам Төкен Танаұлына мешіт қызметі мен дін қызметкерлеріне көрсетіп келе жатқан қолдауы, руханият саласына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ дін жанашыры ретінде атқарып жүрген еңбегіне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі жолындағы қызметіне толағай табыс пен амандық тіледі.