БАС ИМАМ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген Алқа отырысына қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жолдауда көтерілген ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдық бірлікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің қоғам өміріндегі рөлі, аға буынның өнегесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны сөз болды.