Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жұма намазы аясында «Анашым» мешітінің жамағатына «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында насихат айтты.
Жұма уағызында аманат ұғымының Ислам дініндегі орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Аманатқа адал болу – мұсылманның көркем мінезі мен имандылығының айқын белгісі екені айтылды.
Сонымен қатар әрбір адамның өзіне жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарауы, отбасы, қоғам алдындағы борышын адал атқаруы, уәдеге беріктігі мен сенімді ақтауы қажеттігі насихатталды.
Жамағатты аманатқа қиянат жасамауға, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.







