Арман Урумбаев – Атырау қалалық «Құспан молла» мешітнің наиб имамы болып тағайындалды.
Арман Урумбаев «Хасеки» академиясының түлегі. Білікті маман бірнеше діни оқу орындарында біліктілігін арттырған.
Атап айтқанда, Сабахадин Займ Түрік университетінде, Қазан қаласындағы Ресей ислам университетінде білім алды.
Бұған дейін Атырау қаласы «Қайтпай Сұлтан» мешітінде имам болды



