БАС МҮФТИ АТЫРАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖОЛДАМА ТАБЫСТАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Жас маман. Ауылға қадам бас, маман!» атты шара өтті.

Жиын барысында биыл діни білім беру мекемелерін тәмамдаған жас мамандарға еңбек жолын бастауға арналған жолдамалар табысталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жас мамандарды жаңа қызметтерімен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар діни білімді жетілдірумен қатар, халықпен тығыз жұмыс істеудің, жауапкершілік пен біліктілікті ұштастырудың маңызын атап өтті.

Шараға Атырау облысынан биыл оқу орындарын тәмамдаған 8 жас маман қатысып, өңірдегі мешіттерге қызмет етуге жолдама алды.

Атап айтқанда:

  1. Демеутова Анаргуль Темирболатовна – «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі
  2. Баянғали Санат Мұратұлы – «Әйіп қажы» мешітінің наиб имамы. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған.
  3. Мұхтапаров Аманат Жалғасбекұлы – «Бақытгерей молда» мешітінің наиб имамы. «Үшқоңыр» медресе-колледжінің түлегі.
  4. Орынбасар Иса Өтегенұлы – «Иман» мешітінің наиб имамы. Хусамуддин ас-Сығанақи ислам институтын тәмамдаған.
  5. Қадимов Нұрсат Ғалымжанұлы – «Ықылас» мешітінің ұстазы. Түркия Республикасындағы «Хасеки» академиясының түлегі.
  6. Тәжібай Жеңіс Нұржанұлы – «Бақытгерей молда» мешітінің ұстазы. Түркия Республикасындағы «Хасеки» академиясын тәмамдаған.
  7. Шеризат Әбділпатақ – Мақат аудандық мешітінің ұстазы. Түркия Республикасындағы «Хасеки» академиясының түлегі.
  8. Ермагамбет Ахмет Нариманұлы – «Парасат» мешітінің наиб имамы. «Үшқоңыр» медресе-колледжін тәмамдап, исламтану бағыты бойынша білім алған.

Жас мамандар алдағы уақытта Атырау облысының мешіттерінде қызмет атқарып, діни ағартушылық, уағыз-насихат және халықпен рухани-тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға атсалысады.

Атыраулық жас мамандарға жаңа қызметтерінде сәттілік тілейміз! Алған білімдері ел игілігіне жұмсалсын!