АТЫРАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 50 ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

Республика күні қарсаңында Атырау қаласында Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 50 отбасыға арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Игі іс аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, мереке қарсаңында олардың көңілдеріне қуаныш ұялатуға ниет етілді.

Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған қауымға ізгі лебізін білдіріп, қайырымдылық пен өзара жәрдемдесудің маңыздылығына тоқталды. Ол мұқтаж жандарға қолдау көрсету – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтіп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Бас имам ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуда, отбасы құндылықтарын дәріптеуде және мұқтаж жандарға қамқорлық танытуда қайырымдылықтың орны ерекше екенін айтты.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар қоғамда ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеп, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.