Атырау қаласында жамағат арасында ұйымдастырылған бір аптаға созылған салауат айту сайысы өз мәресіне жетті.
Сайыстың мақсаты – жамағаттың Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігін арттыру, салауат айтудың маңыздылығын насихаттау және ізгі амалға ынталандыру.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арасында ең көп салауат айтқан жамағат мүшелері анықталып, жеңімпаздар төмендегідей орындарға ие болды:
🥇 І орын – Амангелді Теміров (162 180 мәрте салауат);
🥈 ІІ орын – Оралхан Нәсіпұлы (138 635 мәрте салауат);
🥉 ІІІ орын – Дархан Төлегенов (92 320 мәрте салауат).
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Иманғали орталық мешітінде өткен қорытынды жиында ұйымдастырылды. Марапаттарды мешіт ұстаздары табыстап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Ізгі бастамаға белсенді қатысып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат жолдауға үлес қосқан барша жамағатқа ризашылық білдіреміз. Алла Тағала айтылған салауаттарды қабыл етіп, сауабынан жазсын!



