Атырау имамдары құдайы ас пен садақа дастарқанындағы ысырапшылдыққа жол бермеу мәселесі бойынша ҚМДБ бекіткен арнайы құжаттаманы халыққа кеңінен түсіндіруде. Осы бағытта дін қызметкерлері өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттарға қатысып, құжаттың негізгі мазмұны мен маңызын таныстыруда.
Сұхбат барысында құдайы астың шариғатқа сай ұйымдастырылуы, қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстану, ас беру кезінде бәсекелестік пен даңғазалыққа жол бермеу мәселелері сөз болуда. Басты мақсат – діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай өткізу, халықты орынсыз шығыннан сақтау, марқұмды еске алу мен дұға бағыштаудың мәнін түсіндіру және қоғамда ысырапшылдыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Бұл бастама – дін мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, ас беру мәдениетін ізгілік пен қарапайымдылыққа бағыттауға арналған маңызды жұмыс.








