РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Иманғали орталық мешітінде бірқатар имамға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиында Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Шарапиденұлы дін қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыстап, олардың діни саладағы еңбектеріне құрмет көрсетті.

Алдымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ануар Нұрманұлы Хатиевтің атынан Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлына алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың атынан Атырау қаласындағы мешіттердің бас имамдарына алғыс хаттар берілді. Атап айтқанда, Құспан молла мешітінің бас имамы Ғұмаров Эммат Сұлтанғалиұлы, Әт-Тақуа мешітінің имамы Абдиров Айтжан Оңғарбекұлы, Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Қағазғалиев Ержан Қуанышович және Ихсан мешітінің имамы Сердекешов Қанат Мұратович марапатталды.

Сондай-ақ Атырау облысы Дін істері басқармасының атынан бірқатар дін қызметкеріне алғыс хат табысталды. Олардың қатарында Анашым мешітінің наиб имамы Әлменов Байболат Керімбекұлы, Құспан молла мешітінің наиб имамы Абдураманов Назарбай Базарқұлович, Жұлдыз мешітінің бас имамы Мұхамедов Рамазан Құдабайұлы, Құспан молла мешітінің наиб имамы Оташбаев Елдос Мұслімұлы және Әт-Тақуа мешітінің наиб имамы Сүлейманов Рустам Муфталиевич бар.

Марапаттау рәсімі дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға, имандылықты насихаттауға, ел бірлігін бекемдеуге және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға қосқан үлесін бағалаудың көрінісі болды. Атап айтқанда, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге үндеп, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.

Республика күні қарсаңындағы бұл құрмет дін қызметкерлеріне көрсетілген сенім мен ризашылықтың белгісі болып, олардың игі істеріне серпін берді.