РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ СҰЛТАН БЕЙБАРЫС МЕШІТІНДЕ АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде ақсақалдар, имамдар, спорт саласы және имамдардың қатысуымен арнайы дастархан жайылды.

Рухани басқосуда облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, ардагер журналист Кәрім Бәкіриденов, «Аталар мектебінің» өкілі Абат Шәкірұлы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен спорт саласының өкілдері сөз сөйлеп, рухани құндылықтардың маңызы, қоғамдағы бірлік пен татулық, ұрпақ тәрбиесі және ынтымақ мәселелері жөнінде ой бөлісті.

Жиын соңында Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қуанышұлы насихат айтып, рухани келісімнің қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды.

Тағылымды басқосу өзара құрметті арттырып, қоғамдағы ынтымақ пен татулықты дәріптеуге бағытталды.