МАҚАТТА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КІШІ АЯҚ ДОБЫНАН ТУРНИР ӨТТІ

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Мақат ауданында кіші аяқ добынан жыл аралық турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – 2000 жылғы жігіттер командасы. Жеңімпаздар 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен, кубокпен, медальдармен және алғыс хатпен марапатталды.

ІІ орын – 2002 жылғы жігіттер командасы. Команда 30 000 теңге ақшалай сыйлықпен, кубокпен, медальдармен және алғыс хатпен марапатталды.

ІІІ орын – 2005 жылғы жігіттер командасы. Жүлдегерлер 20 000 теңге ақшалай сыйлықпен, кубокпен, медальдармен және алғыс хатпен марапатталды.

Аталған турнир қатысушылардың спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және рухани келісім мен бірлікті дәріптеуге үлес қосты.