Жастар күніне орай мешіт жастары мен Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен жастар арасында кіші аяқ доптан (футзал) турнир ұйымдастырылды.
Спорттық додада жастар командалары өзара бақ сынап, тартысты ойын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Иманғали орталық мешітінің «FIRDAUS» командасы жеңімпаз атанып, І орынға ие болды. 🥇
Жеңімпаздарға арнайы қаржылай жүлделер табысталды.
Аталған спорттық шара жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында достық қарым-қатынас пен ауызбіршілікті нығайту мақсатында өткізілді.










