Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде дін мен дәстүр аясында жиын болып өтті.
Жиынға Атырау облысы дін істері басқарма басшысы Қайролла Дүйсешұлы және Атырау қалалық мүгедектер қоғамының жетекшісі Қамқа Нұмықашова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында мағыналы әңгіме өрбіді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін мен дәстүр аясында көптеген іс-шара өткізіп келеді. Біздің мешіттерімізде де асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қазақы болмысымызды сақтап, жастарға үлгі боларлық жұмыстар жасауға тырысып келеміз. Қоғамның қай мүшесі болмасын назардан тыс қалмауы керек. Біз өз тарапымыздан сіздерге әрдайым көмек қолын созамыз»-деп атап өтті Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.
Жиыннан соң мүгедектер қоғамының мүшелері болып табылатын он адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.