№75 түзету мекемесінде ауыз бекіткен азаматтарға ауызашар берілді

Атырау қаласындағы №75 түзету мекемесінде қасиетті Рамазан айы аясында ауыз бекіткен жазасын өтеушілерге арналған ауызашар ұйымдастырылды. Игі шара барысында жүзге жуық адамға ауызашар тағамдары ұсынылып, оларға су, құрма және ыстық ас таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары жазасын өтеуші азаматтардың рухани тұрғыдан қолдау тауып, ізгілікке бет бұруына ықпал етеді.