Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіт жанынан сауат ашып жатқан шәкірттерге Құран кітабын сыйға тартты.
«Сауат ашу курсында ілім алып жатқан шәкірттер бүгін Әліппені аяқтап, Құранға түсіп отыр. Бұл ілім алушылар үшін үлкен қадам.
Қасиетті Құранның бұл дүниедегі пайдасы қаншалықты көп болса, мәңгілікке созылатын Ақыретіміздегі пайдасы да шаш етектен. «Адам өмірде арқасына дорба арқалаған жолаушы сияқты. Ішіндегі нәрсе тағдырын шешеді. Сондықтан, әркім дорбасына не салып жүргеніне қарасын» деген екен ізгі ғұламалардың бірі.
Алла баршамызды Құран оқушылардан және оған амал етушілерден қылсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Таң намазынан кейін өткен іс-шарада барлығы 30 шәкіртке Құран кітабы табыс етілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.