Индер орталық мешіті жанынан жаңа нысандар ашылды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер орталық мешіті жанынан ашылған жаңа нысандарды пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Бір күнде Индер орталық мешіті жанынан үш жаңа нысан қолданысқа берілді. Жаңа нысанның бірі – дәрісхана. Заман талабына сай жасақталған дәрісханада ұстаздар сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерге дәріс оқитын болады.

Сондай ақ, Индер ауданының бас мешіті жанынан асхана ашылды. Құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған асхана нысанының тұрғызылуына тұтас ауылдың үлесі бар. Және мешіт жанынан дүкен жұмысын бастады. Мұнда дінге, намазға, шариғатқа қызығушылық танытқандар үшін арнайы заттар сатылады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында басталған мешіт құрылысының іргетасын қалау рәсіміне арнайы қатысқандығын хабарлаған болатынбыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.